Қазақ әдебиеттану мәселелерінің мәні терең…

Қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған күрделі мәселелер – жанрлардың теориялық табиғатын айқындау, генезисі мен типологиялық сипатын саралау болып табылады. Сондай-ақ, әдеби тарихи сабақтастық және дәстүр мен жаңашылдық проблемалары тұрғысынан алғанда бүгінгі әдебиеттің көтерер жүгі жеңіл емес.

Әдеби мұраны игерудің ғылымы фольклортану мен әдебиеттану туып, дамып, қалыптасқаннан бергі уақытта әдеби жанрларды жеке-жеке зерттеу ісі қолға алынып, бұл бағытта біршама еңбектер жазылды.

Зерттеу еңбектердің көпшілігінде жанрлар табиғаты, олардың кейбір жекелеген теориялық мәселелері ғана сөз етіледі. Ал жанр табиғатының тұтас келбеті, болмыс-бітімі яғни тақырыптық-идеялық, композициялық-сюжеттік, образ және образдылық» тілдік-стильдік, әдістік-тәсілдік мәселелері әлі де зерттеуді қажет ететіндей. Жанрларды зерттегенде, әдеби кітаптарды оқығанда ұлттық дүниетаным, сыр мен сымбат секілді критерилерге көбірек мән беріп отырсақ, шығарманың психологиялық, эстетикалық категорияларын танып әдебиетімізді оқитын оқырман қауым көбейер еді.  Қазіргі таңда әдебиеттің жанрларын танымақ түгілі, кітап оқитын жастардың саны азайып отырғаны шындық. Бұл процестің қоғамға тигізер кері әсерінің аз болмайтынын енді-енді түсініп келе жатқандаймыз.

Алдымен әдебиетті оқу үшін оның категорияларын жақсы білуіміз керек.

Алдымен жанр дегеніміз не? Осыны түсініп алайық.

Жанр – әдебиеттің негізгі тектері. Әдебиеттің үш ірі жанры бар. Олар: поэзия, проза, драма.

Жанр табиғатын айқындау бірер адамның қолынан келер іс емес. Жанрларды жеке дара қарастырған күннің өзінде, сандаған ғалымдардың жаппай жұмыла кірісуін қажет ететін күрделі дүние екендігін, әлі де болса жанр болмысындағы шешімін таппай жатқан түрлі ғылыми теориялық сұрақгардың туындауы растайды. Жанр табиғатын саралаудың қиындығын: “Жанр — это такая категория литературы, фольклора и искусства, которая характеризуется с одной стороны, универсальностью, а с другой стороны конкретностью”, — деп атап көрсетеді профессор  С.А.Қасқабасов.

Жанр сипатын ашу барысындағы теориялық толғамдардың кейбір жағдайда өзгермелілігі жанрдың тарихи категория екендігінде. Сана мен сезімнің, ақыл-ойдың жетілуіне байланысты көркемдік танымның белді кұралы ретінде жанрлар әр дәуірдің алға тартқан тарихи алғы шарттарына сәйкес бірін-бірі алмастырып отырады. Бұдан қандай жанр болмасын “мәңгілік” мәртебесінен айырылады деген ұғым қалыптасуы тиіс.  Әр жанрдың әр дәуірде өзіндік орны, өзіндік мәселері туындап отырған.

P.S. Бұл мәселелер алдағы мақалаларда тағы қарастырылады…

1 пікір

  1. urimtal said,

    Қараша 3, 2009 at 5:08 am

    Бір оқулықтан алдыңыз ба, әлде өзіңіз авторсыз ба?


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.